Арнайы операция: Адам өміріне қауіп төндіретін заңсыз темекі өнімдерінің ірі партиясы тәркіленді

Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі
ҚМА Түркістан облысы бойынша Департаменті азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заңсыз темекі өнімдерін (снюс) өндіру, сату және айналымға енгізумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты.

Арнайы операцияның нәтижесінде 1 000 шаршы метр аумақта күнделікті 30-дан астам жұмыскерлер жұмыс істейтін заңсыз цех жойылды.

Шикізат дайындау мен логистиканы ұйымдастырудан бастап Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және басқа өңірлерде ірі көтерме жеткізушілер арқылы өткізу арналарына дейінгі қылмыстық қызметтің барлық схемасы анықталды.

Заңсыз айналымнан 10 млн астам тыйым салынған дайын өнім, 28,8 млн бір реттік дозаны құрайтын 14,4 тоннадан астам темекі, 3,3 мың литрден астам хош иістендіргіш пен улы қоспалар, сондай-ақ өндірістік жабдықтар алынды.

Қосымша ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі