Қазақстандықтар ішімдіктен жиі бас тарта бастады

Сурет: pexels
ҚР Бас прокуроры Берік Асылов еліміз бойынша жүздеген ауыл ішімдік сатудан өз еркімен бас тартатқанын айтты. Оның сөзінше, бұл қарапайым адамдардың саналы таңдауы. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Мәселен, ішімдік сатудан бас тартқан Маңғыстаудағы ауылдардың бірінің тұрғындары жағымды жаңалықты таспаға түсіріп, желіде жариялады.

"Ақмола, Жамбыл, Қарағанды, Атырау және басқа да облыстарда осындай мысалдар бар. Ия, бұл елдегі ауылдардың жалпы санын ескергенде, теңіздегі тамшыдай көрінуі мүмкін. Бұл жердегі маңызды нәрсе: оң динамика", – деп жазды Асылов 2025 жылдың 2 сәуірінде X парақшасында.

Бас Прокурордың айтуынша, мұндай елді мекендер көбейіп келеді.

"Бастама ақсақалдар мен қоғамдық кеңестерден басталды. Ауыл кәсіпкерлері ерекше ризашылыққа лайық. Жерлестерінің бастамасын естіген олар өз еркімен алкогольді сөреден алып тастады. Бұл ретте, олардың табысы төмендемеген. Ауыл тұрғындары алкогольдің орнына балаларға пайдалы өнімдер сатып ала бастады". Берік Асылов

Әрі қарай ол алкогольден бас тарту нәтижелерін келтірді:

"Ресми статистикаға сәйкес, ағымдағы жылдың 3 айы ішінде алкогольдік масаң күйде жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар санының төмендеуі тіркелді", – деп қорытындылады Асылов.

Бұған дейін Қостанай облысында ішімдік сату ережелерін қатаңдату ұсынылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады