Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Рүстем Досқожа Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Рүстем Досқожа 2016 жылы Дубайдағы Америкалық университетті (БАӘ) "Әлемдік экономика" мамандығы бойынша тәмамдады. 2017 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша білім алды. 2024 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "Өңірлік даму" бағдарламасы бойынша бітірді.

Рүстем Досқожа еңбек жолын 2017 жылы Семей кеме жасау-кеме жөндеу зауытында заңгер болып бастаған.

2017-2020 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің салалық бөлімдері мен басқармаларында бас маман болып жұмыс істеді.

2020 жылы облыс әкімінің көмекшісі, содан кейін 2020-2022 жылдары Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылы Шығыс Қазақстан облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болды.

2024 жылдан соңғы тағайындалғанға дейін Алмалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз