Алматыда баланы кроссовер қағып өлтірді

Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 2025 жылғы 3 сәуірде Алматыдағы Байзақов көшесіндегі жол апатынан бір адам опат болды. Жеті жастағы бала алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Сурет: Zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, Jetour жүргізушісі Байзақов көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Қарасай батыр мен Бөгенбай батыр көшелерінің арасында жүргізуші кенет жолға шыққан баланы қағып кеткен.

Сурет: Zakon.kz


Zakon.kz тілшісі түсінік алу үшін қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты.

"Бұл жол-көлік оқиғасы сағат 15:30-да Алмалы ауданында болды. Jetour көлігінің жүргізушісі Байзақов көшесімен солтүстік бағытта, Бөгенбай батыр көшесінің оңтүстігінде келе жатып, белгіленбеген жерден шығыс бағыттағы жолды кесіп өтіп бара жатқан 7 жастағы баланы қағып кетті". Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Соққының салдарынан жаяу жүргінші қарсы бағытта келе жатқан Hyundai көлігіне соғылғаны да белгілі болды.

"Өкінішке қарай, бала алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша (ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлігі) Алматы полиция департаменті тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады". Алматы полиция департаменті

Сурет: Zakon.kz

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді