Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сатудың жаңа ережелері әзірленді

Сурет: pexels
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және зергерлік нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сатуға қойылатын талаптар күшейтілді. Бұл жайлы 2025 жылғы 4 сәуірде ҚР Сауда және интеграция министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, Қазақстан Республикасының сынамалау таңбасы жоқ зергерлік бұйымдарды сату үшін жауапкершілік қатаңдатылады.

ӘҚБтК-нің 190-1-бабы бойынша зергерлік бұйымдарды жосықсыз өткізушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту құзыреті енді Сауда және интеграция министрлігіне бекітілді.

Өзгерістер 2025 жылдың 13 наурызынан бастап күшіне енді.

Ведомство соңғы жылдары зергерлік бұйымдарды сатушыларға қатысты алдын алу шаралары ескерту сипатында жүргізіліп келгенін еске салды.

Қазақстан Республикасының "Бағалы металдар және асыл тастар туралы" Заңына сәйкес, ел аумағында сынамалау таңбасы, сондай-ақ сынама палаталарында (сынақ зертханаларында) бұйымға сараптама жүргізілгенін растайтын атаулы белгінің бедерінсіз сатуға жол берілмейді.

"Зергерлік бұйымдарды сату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұлдар 190 мың теңгеден 580 мың теңгеге дейін белгіленіп, кәсіпкерлік субъектілерінің санатына (кіші, орта, ірі) байланысты айыппұл мөлшері өзгереді. Заң бұзушылықтар қайталанған жағдайда айыппұл сомасы ұлғаяды",- делінген ақпаратта.

Сатып алушы өнімнің түпнұсқалығын қалай тексере алады

"Көрсетілген талаптар болмаған жағдайда тиісті тексеру іс-шараларын жүргізу үшін Техникалық реттеу және метрология комитетіне және оның аумақтық департаменттеріне хабарласуға болады",- деп қорытындылады министрлік.

Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында егде жастағы әйелді бопсалаған екі адам ұсталғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды