Ақтауда дүйім жұрт концерттен кейін алаңды жинап кетті

Сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
"Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы" халықаралық шарасының ашылу салтанатынан кейін маңғыстаулық жүзден астам еріктілер мен коммуналдық қызметкерлері жағалаудағы алаңды жинап, қоқыстардан тазалап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азаматтық жауапкершіліктің нағыз үлгісін тұрғындар да көрсетті. Олар тек концерт тамашалап қана қоймай, таза қаланы сақтауға атсалысты. 

Бұндай бастамалар халық арасында кең таралып жатыр.

Айта кетейік, іс-шараның алғашқы күнінен бері еріктілер "Таза Қазақстан" акциясы аясында тұрғындарды қаланы ластамауға шақырып, теңіз жағалауын артық заттардан тазалап келеді.

"Қаламыз үшін маңызды іс-шарада алыс, жақыннан қонақтар келетіні белгілі. Адам көбейген жерде қоқыс саны артып, теңіз жағалауы лезде ластанып жатады. Қонақтарды күтіп алу, көмек көрсетуден бөлек, үздіксіз тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Осы арқылы коммуналдық қызмет мамандарына қол ұшымызды создық. Барша тұрғындарды тазалықты сақтауға шақырамыз!", - деді ерікті Ислам Тілепов.
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты