Қазақстанда сұйытылған газды экспорттауға тыйым салу мерзімін ұзарту жоспарланып отыр

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан 2025 жылғы 14 мамырдан бастап сұйытылған газ мен пропан экспортына тыйым салуды ұзартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрлігінің тиісті бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланып, 21 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

Бұйрық жобасында сұйытылған мұнай газы, пропан және бутан экспортына алты айға тыйым салынатыны туралы жазылған.

"Тыйым автомобиль және теміржол көлігімен әкетуге қатысты. Бұл шара елдің ішкі нарығын сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету үшін қажет", - делінген құжатта.

2024 жылғы қарашада Қазақстаннан сұйытылған мұнай газын автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға тыйым алты айға ұзартылды. Оның мерзімі 2025 жылғы сәуірде аяқталуы керек еді.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда қант диабетімен күрес күні қарсаңында көзді тегін тексеру шаралары ұйымдастырылды

"Күн қайта жылынады". Алматы бойынша 14-20 қараша аралығына арналған ауа райы болжамы

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Аукционға шыққан көліктер". Көкшетау тұрғыны таныстарының 41 млн теңгесін иеленіп, із-түссіз кеткен

Қарағанды облысында көктайғақ кезінде жол үстінде дрифт жасаған үш жүргізуші жауапқа тартылды