Ақтөбеде балаларын қорғамақ болған әке пышақ жарақатын алды

Фото: primeminister.kz
Ақтөбеде балаларын қорғамақ болған әке пышақ жарақатын алды. Оқиға тал түсте қала орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласындағы балалар алаңында болған.

Жарақат алған азаматқа дәрігерлер шұғыл операция жасады, деп жазады qazaqstan.tv.

Ақтөбеде қолына сыпырғышпен қоса пышақ алып жүрген кісінің аула сыпырушы екені белгілі болды. Сусыннан босаған құтыны түсіріп алған балаға ашуланып, оны сыпырғышпен қуалап жүріп сабаған. Таяқ жеген баланың қасында болған бес жастағы інісі де қатты қорқып қалған.

"Баламды ұрып, ойын алаңын айналдыра қуған. Жылап тұрған бауырын алып кетпекші болғанда ана кісі "мен сендерді жібермеймін, бауыздап өлтіремін" деп қорқытқан. Балам қолымдағы құтыны әдейі тастамадым, жел ұшырып әкетті деді" Инна Губий, тұрғын

Жасөспірім амалын тауып, әкесіне хабарласып, көмек сұрап үлгереді. Алайда аула сыпырушы балалардың әкесінің өзіне қарсы шығып, қабырға тұсына пышақ сұғып алған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы орташа. Есін біледі. Пышақ жүректен сәл ғана төмен кірген. Қоқыс үшін қылмыс жасаудан тайынбаған аула сыпырушы қазір қамауда.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Леопард пальтосы сәнге қайта оралды

Тоқаев: Қазақ тілін дамыту – еліміздегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтіру емес

Ақтөбеде студенттің жатақханадан құлап қаза табуына қатысты сот басталды

Тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатындағы кафе мен мейрамханалар сот шешімімен жабылуы мүмкін

Кез келген тілге қарсы шығу – Жаратқанның адамға берген нығметіне қарсы шығумен бірдей – Президент