Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек

Сурет: Instagram/gov4c.kz
Бүгін, 2025 жылғы 8 сәуірде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жүргізуші куәлігін ауыстыру тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру

Мемлекеттік корпорация жүргізуші куәліктің мерзімі аяқталса, құжатты ауыстыру үшін мамандандырылған ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну керек екенін ескетті.

"Жарамдылық мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін емтихан тапсырудың қажеті жоқ",- деп нақтылады ведомство.

Жүргізуші куәлігін жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін ауыстыру

Мемлекеттік корпорация Қазақстанда жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі 10 жыл екенін еске салды.

Жүргізуші куәлігін алдын ала ауыстыру үшін тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіну керек:

"Сондай-ақ, жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталмаса, оны екінші деңгейлі банктердің қосымшасындағы "Мемлекеттік қызметтер" арқылы да ауыстыруға болады",- делінген ақпаратта.

Жүргізуші куәлігін қосымша катрегория алу мақсатында ауыстыру қажеттілігі туындаған жағдайда мамандандырылған ХҚКО-ға келесі құжаттармен жүгіну керек:

Бұл ретте, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ жүргізуші куәлігін мерзімі аяқталмай тұрып, ауыстырған жөн екенін, бұл уақытты үнемдеп, қажет құжаттар тізімін азайтатынын айтты.

Сонымен қатар, мерзімі өткен куәлікпен көлік жүргізуге тыйым салынғанын және айыппұл қарастырылғанын ескертті.

Бұған дейін Астанадағы жол учаскелерінің бірі күзге дейін жабылатындығы хабарланған болатын.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды