Алматыда мас күйде мопед басқарған азамат ұсталды

Фото: Zakon.kz
Полицияның патрульдік жасағы Алматының Әуезов ауданында көлікті мас күйінде басқарған мопед жүргізушісін ұстады.
"Өтеген батыр көшесінің бойында жол ережесін бұзып, көлік құралын сенімсіз басқарған мопед жүргізушісіне полиция қызметкерлерінің назары ауды. Жүргізуші – 2001 жылы туған ер адам. Жүргізушінің жағдайын тексеру кезінде мас күйінде болғандығы белгілі болды. Оның алкогольдік масаң күйде болғаны медициналық наркологиялық сараптама қорытындысымен расталды. Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Полиция көлікті мас күйде жүргізу жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өрескел заң бұзушылық екенін еске салады.Профилактика жылы аясында мұндай құқық бұзушылықтар әлі де қатаң бақылауда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз