Сенат депутаты дәрі-дәрмектерді жеткізудегі жыл сайынғы үзілістерге наразылығын білдірді

Фото: Zakon.kz
Сенатор Айнұр Арғынбекова 2025 жылғы 10 сәуірде өзінің депутаттық сауалында дәрі-дәрмектерді жеткізудегі іркіліс проблемаларын көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол азаматтардың инсулиннің, құрысуға қарсы препараттардың, ісікке қарсы препараттардың жоқтығына шағымдары бар екенін атап өтті.

"Бұлар қабылдауды "тоқтатуға болмайтын" және "күтуге келмейтін" дәрілер, науқастың өмірі тікелей оларға байланысты. Мұндай жағдайда мемлекеттік органдардың барлық ақпараттық жүйелердің, нормативтік актілердің, қаржыландырудың үздіксіз жүретіні жайлы айтуы, тек декларация екенін түсінеміз",- деді Айнұр Арғынбекова.

Сондай-ақ, сенатордың сұрауында тиімді жоспарлау мәселесі, сатып алу рәсімдерінің ашық еместігі және медициналық ұйымдардың сатып алу барысынан хабардар болмауы туралы айтылған. Депутаттың айтуынша, қымбат дәрілер тізімін қалыптастыру мәселесі де шешілуі қажет.

"Күнтізбелік жылдың басында және соңында барлық аймақтарда дәрі-дәрмектердің тапшылығы мәселесі жылдар бойы жалғасып келе жатқандықтан, біз бұл мәселенің жүйелі сипатта екенін түсінеміз, яғни денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде де, "Фармация" Ұлттық компаниясы деңгейінде де, сондай-ақ жергілікті медициналық ұйымдар деңгейінде де. Сондықтан дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу кешенді түрде жүргізілуі қажет – нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізуден бастап денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыруға дейін", – деді Айнур Аргынбекова.

Оның айтуынша, барлық аймақтарда өмірлік маңызы бар дәрілердің уақытында жеткізілуін қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызды аурулар бойынша алмастырылатын дәрілер тізімін жасау және дәлелденген тиімділігі бар инновациялық дәрілердің қолжетімділігін арттыру қажет.

Бұған дейін Қостанай облысында өлі балықтың 7 тоннасын жинағаны хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз