Қостанай облысында өлі балықтың 7 тоннасын жинаған

Рыба, рыболовство, рыбный отдел, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 15:49 Фото: Zakon.kz
Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Татыр көлінде балық жаппай қырылып жатыр.

Мамандардың айтуынша, бұрын-соңды мұндай жағдай болмаған.

Қазір жағалау тазартылып жатыр. 7 тоннаға жуық сазан, табан, шортанның өлекселері жиналды. Жағдайдың неден болғаны әзірге белгісіз, деп жазады qazaqstan.tv.

Себебін анықтау үшін, көлден су сынамасы алынып, зертханалық тексеріске жіберілді.

"Су айдынының аумағы шамамен 768 гектар. Былтыр көлге су келді. Бірақ нақты иесі болмағандықтан, ешқандай мелоративті шаралар жүргізілмеген. Яғни оттегімен қамтасыз ету үшін ойықтар ойылмаған. Біздің ойымызша, балықтар ауа жетпей тұншығып өлген. Қазіргі кезде су бетіндегі, жағалаудағы өлекселерді жинап, оларды жою жұмыстары жүріп жатыр." Мұрат Моргулов, Тобыл – Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: