Алматы облысында браконьерлерден екі қап балық тәркіленді

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысында табиғатты қорғау полициясы уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаған Түрген ауылының екі тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Браконьерлер Жарасу ауылы маңындағы Іле — Қапшағай су қоймасы жағалауында ұсталды. Mitsubishi Pajero автокөлігін тексеру кезінде полиция қызметкерлері 121 келі әртүрлі балық салынған екі қапты тәркіледі. Сондай-ақ Қытайда өндірілетін, тыйым салынған 100 метрлік ау құралдары мен үрлемелі резеңке қайық тәркіленді.


"Анықталғандай, 38 және 37 жастағы азаматтар уылдырық шашу кезеңіне белгіленген тыйымды елемей, су биоресурстарын заңсыз аулап, экожүйеге елеулі залал келтірген. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын 568 973 теңгені құрады. Ұсталған азаматтарға қатысты қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады табиғатты қорғау полициясы.

Полиция уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға қатаң тыйым салынатынын еске салады. Бұл шара су биоресурстарын сақтау және қалпына келтіру мақсатында енгізілген. "Уылдырық" жедел-профилактикалық іс-шарасы өңір бойынша жалғасып, браконьерліктің анықталған барлық фактілері қатаң түрде жойылатының ескертеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді