Алматыда 120 төсек-орындық жаңа жатақхана ашылды

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда студент жастарға қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке инвестициялар есебінен салынған жаңа жатақхана пайдалануға берілді.

Жаңа нысан 120 студентке арналған және заманауи талаптарға толықтай сай келеді. Бұл жатақханада Қазақ Үлттық Қыздар педагогигалық университетінің студенттері тұрады.

Жатақхана аумағында студенттердің жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай қарастырылған: жарық әрі кең бөлмелер, ас үй, оқу және демалыс орындары да бар. Сонымен қатар, конференц зал wi-fi желісімен жабдықталған, бұл білім алушыларға түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға және онлайн білім алуына мүмкіндік береді.

"Бүгін біз үшін өте қуанышиы күн, себебі жаңа жатақханаға көшіп жатырмыз. Мында сабақты оқуға, іс-шара өткізуге толық жағдай жасалған. Жатақхананың орналасқан жері де ыңғайлы. Аялдама, асхана, дүкен бәрі жақын жерде орналсақан", – деді студенттердің бірі.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 127 студенттік жатақхана жұмыс істейді. Бұл жатақханаларда 40,3 мыңнан астам студент тұрып жатыр. Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының мәліметінше, 2024 жылы 4304 төсек-орынға арналған 16 жаңа нысан пайдалануға берілген. Ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 6000 төсек-орын қосылады деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Алматы қаласында студенттерді жатақханамен қамту мақсатында жобалық кеңсе жұмыс істейді. Бұл кеңсе жатақхана құрылысын тиімді үйлестірумен қатар, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға және жастарға арналған тұрғын үй инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып келеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірнеше елдегі елшілерін тағайындады

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды