Сотталғандарды азаптады деп айыпталып, артынша ақталған колонияның 12 қызметкерінің "ақтау" үкімі жойылды

Фото: Zakon.kz
Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен Атбасар ауданының Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) 12 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімінің күші жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот қылмыстық қудалау органымен ҚАЖК қызметкерлері Атбасар қаласының түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамдарға әсер етудің рұқсат етілмеген әдістерін қолданды деп айыпталғанын еске салды.

2025 жылдың ақпанында алқабилердің үкімімен сотталушылар кінәсіз деп танылып, қылмыс оқиғасының болмағаны үшін ақталды.

Үкімге Ақмола облысының прокуратурасы наразылық білдірді. Ал жоғары сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімін жойды.

"Алқабилер алқасының шешімімен ҚАЖК қызметкерлері кінәсіз деп танылып, қылмыс оқиғасының болмауынан ақталды. Үкімнің күшін жоюға бірінші сатыдағы сотымен жіберілген процестік бұзушылықтар негіз болды: Алқабилердің қатысуымен талқылауға жатпайтын мәселелер зерттелген. Бұл олардың жәбірленушілерге қатысты дұрыс емес пікірін тудыруға ықпал ету мүмкін. Сонымен қатар, бірқатар жәбірленушілерге жарыссөздерде сөз сөйлеу қамтамасыз етілмеген",- делінген ақпаратта.

Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылан ауданарлық сотына басқа құраммен жаңадан қаралуына жолданды.

Бұған дейін Павлодар облысында қарақшылық шабуыл жасаған күдіктелер ұсталғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады