Полиция ұрланған 21 тонна мотор майын иесіне қайтарды

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкент полицейлері халықаралық жеткізу қызметін көрсетемін деп құны 14 млн теңгеден асатын мотор майының ірі партиясын иемденген алаяқты ұстады.

Алматы тұрғыны тауарды оңтүстік астанадан көрші елге тасымалдауға уәде берген.

Алайда міндетін орындамай, майды үшінші тұлғаларға төмен бағада сатып жіберген.

Әрі қарай бөшкелер қолдан қолға бірнеше рет қайта сатылып, Шымқаладағы кезекті сатып алушыға түседі. Мұнда тәртіп сақшылары тауарды анықтап, тәркілейді.

Тергеу іс-шаралары барысында құқық қорғаушылар күдіктінің жеке басын анықтап, оны қамауға алды. Қозғалтқыш майы заңды иесіне қайтарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды