Алматылық дәрігерлер науқастың даусын сақтап қалған бірегей ота жасады

Фото: akorda.kz
Таяу күндері Алматы Онкологиялық орталығының хирургтары үлкендігі грейпфруттай қалқанша безі ісігін алып, жоғары технологиялық отаны сәтімен атқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, науқас өңеші қысылып, тыныс алуы қиындағаннан кейін дәрігерлерге жүгінген.

Өз кезегінде мамандар қалқанша безі ісігінің көлемі 10 сантиметрге жетіп, мойын бұлшықетіне қарай өсіп, лимфатүйінінде метастаздық зақымданулар пайда болғанын анықтаған.

Сурет: Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

Ота екі сағатқа созылған.

"Ота ашық тәсілмен жүргізілді. Ісікке байланысты қатты ығысқан қайтарымды көмей жүйкелерін бөліп алып, дауыс функциясын сақтап қалуға мүмкіндік туды. Қалқанша безі толығымен алынып тасталып, мойын лимфадиссекциясы жүргізілді", – дейді Алматы онкология орталығының хирургы Шыңғыс Сатымбаев.

Мұнымен қоса, отадан кейін жағдайы жақсы науқас үйіне шығарылған.

Мамандар мұндай қатерлі ісіктерді асқындырмай анықтаса, оны емдеу әлдеқайда жеңіл болатындығын тағы да еске салды.

Бұған дейін Астанада ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған футбол командасы ашылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады