Астанада ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған футбол командасы ашылды

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған футбол командасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты., сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2025 14:10 Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған футбол командасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жобаның басты мақсаты – барлық балаға тең мүмкіндік беру, олардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау және дене шынықтыру арқылы өмір сапасын жақсарту.

Жаңа команда алғашқы жаттығуларын бастап кетті. Балалардың спортқа деген қызығушылығы мен құлшынысын көріп, жаттықтырушылар үлкен шабыт алып отыр.

Бүгінгі таңда команда құрамында он бала бар. Олар аптаның сенбі және жексенбі күндері тегін түрде футболға келіп, қатысады.

Жалпы, осы Сырбай Мауленов атындағы №37 мектеп-лицейінде аяқ доп ойыны кеңінен дамып жатыр. Өткен жылы оқу ордасының аналардан тұратын "Аналар" футбол клубы құрылды. Жақында ғана команда құрамы Ресейдің Омбы қаласында әйелдер арасында өткен халықаралық турнирде екінші орын иеленді. Ерекше атап өткен жөн аналар командасындағы Мейрамгүл есімді ойыншы 14 гол соғып, "Үздік ойыншы" номинациясына ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: