Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндерге маңызды ақпарат берілді

Фото: Национальный центр тестирования
2025 жылдың 16 сәуірінде Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтығына түсуге үміткерлерге хабарландыру жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық орталық азаматтық алу үшін тестілеуге өтініштер 17-29 сәуір аралығында қабылданатынын хабарлады.

"Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелуге болады. Тестілеудің өзі 30 сәуірде өтеді", – делінген хабарламада.

Тестілеу үш блоктан тұрады:

Тестілеу уақыты: 2 сағат 10 минут. Мүмкіндігі шектеулі жандарға тестілеуге қосымша 30 минут беріледі.

Толығырақ ақпарат testcenter.kz сайтында "Азаматтыққа үміткерлер" бөлімінде берілген.

Дайындығын жақсартқысы келетін талапкерлерге тегін ("testcenter.kz сайтында "Азаматтыққа үміткерлер" бөлімінде) және ақылы ("app.testcenter.kz сайтында "Сынақ тестілеу" бөлімінде – 3355 теңге) сынақ тестілеуі ұсынылады.

Бұған дейін 2024 жылы Қазақстан азаматтығын алғандардың саны рекордтық аз екені белгілі болған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Каспий теңізіндегі есірткі арнасы: ҰҚК шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарын ұстады

Алматы тұрғындары біле бермейтін түнгі автобус бағыты

Қазақстанның курорттық аймағында психотроптық препараттар таратылған