Қазақстанда жерлеу қызметі қанша тұрады

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы наурыз айында сенатор Андрей Лукин жерлеу қызметтері мен зираттарды жекешелендіруден шығаруды ұсынды. Оның айтуынша, бұл объектілер мемлекеттік меншікке жатуы керек, себебі олар қоғамдық пайдалануға арналған және мәдени, рухани мәнге ие. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Сенат депутаты Андрей Лукин зираттарды күту мен жерлеу қызметтерін көрсетумен айналысатын мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірудің кешенді жоспарынан алып тастауды ұсынды. Оның айтуынша, зираттар тек мемлекет меншігінде қалуы керек, ал жерлеу рәсімінің құнына шекті баға енгізілуі тиіс.

"Қазақстанда зираттар дәстүрлі түрде қоғамдық мақсаттағы, мәдени және рухани мәні бар нысандар ретінде қабылданады. Бұл саланың коммерциялануы және мемлекеттік бақылаудың болмауы бірқатар жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін: учаскелер мен ритуалдық қызметтердің құнының артуы, марқұмдардың туыстары үшін қолжетімділіктің шектелуі, салт-дәстүр мен діни рәсімдердің бұзылуы, сондай-ақ зираттар аумағына күтім сапасының төмендеуі", – деді Андрей Лукин.

Ол ритуалдық қызметпен айналысатындарға ұнамсыз , бірақ маңызды жайтты еске салды – мемлекет әр марқұм үшін кемінде 6 шаршы метр жерді тегін бөледі.

Бұл ретте, 2023 жылдың наурызынан 2024 жылдың наурызына дейін ритуалдық қызметтер 13%-ға қымбаттаған.

Ranking.kz сарапшылары бұл өсім бұрынғы жылмен салыстырғанда сәл төмен екенін атап өтті, себебі бір жыл бұрын бұл қызметтер 24,6%-ға бірден қымбаттаған болатын.

Өсім мына өңірлерде тіркелді:

Астана

Астанадағы ритуалдық қызмет көрсету ұйымдарының бірінде қызметтер төрт түрлі пакетке бөлінген, әрқайсысы тұтынушылардың қалтасына және талғамына қарай қалыптастырылған.

Ең арзан пакеттің құрамында келесі қызметтер кіреді: қарапайым табыт, крест, шіркеу шамы, жамылғы, православтық жерлеу жиынтығы. Марқұмды мәйітханадан тасымалдау, жерлеу үшін қажетті құжаттарды дайындау мен рәсімдеу. Ритуалдық шара және қонақтарды тамақтандыру және орналастыру қызметтері (қажет болған жағдайда).

Әрине, ең қымбат пакетті таңдағанда да құрамдары айтарлықтай өзгермейді, бірақ сапа мен атрибуттар жоғары деңгейде болады. Мысалы, егер ақша үнемдемесеңіз, лакталған табыт пен кестеленген жамылғы аласыз, ал үнемдеген жағдайда кішігірім ағаш қаптама мен қарапайым мата беріледі.

Бағасы болса, 160 мың теңге мен 400 мың теңге аралығын қамтиды.

Келесі бір ритуалдық қызметтер ұйымында қызметтер жеке-жеке тізілген:

Алматы

Оңтүстік астанада табыттардың бағасы 15 мың теңгеден басталып, элиталық, полирленген екі еселі табыт үшін 250 мың теңгеге дейін барады.

Гүлшоғырының бағасы 3500 теңгеден басталады, ал ең жоғары шегі – 30 мың теңге. Тірі гүлдерден жасалған композицияның бағасы 70 мың теңгеден төмен емес.

Марқұмды көлікпен тасымалдау қызметі 25-35 мың теңге аралығында.

Траурлық ленталар – 1000-2000 теңге.

Гирляндалар – 1500-6000 теңге.

Шіркеулік жиынтықтарды 2500-4000 теңге аралығында сатып алуға болады.

Жастықтар мен жамылғылардың бағасы 3000-15 000 теңге аралығында.

Қайтыс болған адамға арналған киім мен аяқ киім – әйелдерге 18 мың теңгеден, ерлерге 20 мың теңгеден басталады.

Табыттың қақпағына крест қою – 500 теңгеден 6 мың теңгеге дейін.

Қабірге крест қою бағасы 8 мың теңгеден 35 мың теңгеге дейін.

Қабір қазу, жуындыру, бальзамдау, құжаттарды рәсімдеу және басқа да қызметтер жеке төленеді. Барлық қызметтердің жалпы құны 100 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Мұсылмандық жерлеу рәсімінде, мысалы, бір метрлік мата кемінде 500 теңге тұрады. Табытты жалға беру – бір күнге 5 мың теңге. Жамылғыны жалға беру – 3 мың теңге. Ғұсыл (мұсылмандық жуындыру) 25 мың теңге тұрады. Ағаш тақта мен тақташа – 8 мың теңге. Қабір қазу мен қосымша қазу жұмыстары – 50 мың теңгеден бастап. Мазар қабырғасының бағасы 15 мың теңгеден басталады.

Шымкент

Мұнда ең арзан жерлеу рәсімін 90 мың теңгеге ұйымдастыруға болады. Ал "элиталық" қызметтер бағасы 500 мың теңгеден басталып, едәуір жоғары деңгейге көтеріледі.

Айта кетейік, жерлеу рәсіміне мемлекеттен бір реттік төлем түрінде көмек көрсетілетіні де бар. Бірақ бұл төлем тек туыстарына беріледі:

Қорытындылай айтқанда, өлім де арзан болмай барады…

Алматы
Шымкент
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды