Астана маңындағы жол апаты: ҚФФ президенті қаза тапқан бапкердің отбасына көңіл айтты

Сурет: kff.kz
ҚФФ президенті Астана маңындағы жол апатынан қаза тапқан бапкердің отбасына мен туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров балалар футболының бапкері Әлібек Жүсіповтің жол апатына түсіп, мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғырып, марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады және Қазақстан футбол федерациясы тарапынан жан-жақты көмек көрсетіледі.

"Әлібек Жүсіпов балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға зор үлес қосты. Ол бапкерлік қызметінде талай жас футболшының жолын ашып, отандық футболға адал еңбек етті. Жақсы адам, білікті маман ретінде есімізде мәңгі сақталады. Марқұмның жаны жәннатта, жатқан жері жайлы болсын!", - делінген көңіл айту хатында.

Еске салайық, қайғылы оқиға Астана - Ерейментау - Шідерті тасжолында (Ақмола облысы) болды: 14-16 жас аралығындағы 16 бала мінген шағын автобус аударылып қалды.

Жүргізуші жүк көлігінен басып озбақ болған, бірақ тізгінге ие бола алмай қалған. Балалар Павлодардан Астанаға жарысқа бара жатқан.

Кейінірек павлодарлық жас футболшылардың жағдайы белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты