Павлодарлық жас футболшылардың жағдайы белгілі болды

Астана - Ерейментау - Шідерті тасжолында (Ақмола облысы) болды: 14-16 жас аралығындағы 16 бала мінген шағын автобус аударылып қалды. Жүргізуші жүк көлігінен басып озбақ болған, бірақ тізгінге ие бола алмай қалған. Балалар Павлодардан Астанаға жарысқа бара жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ерейментау аудандық ауруханасының мәліметінше, зардап шеккендер жедел жәрдемге 18 сәуір күні сағат 21:50-де түскен.
"Жеті кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, олардың біреуі жансақтау бөлімінде, оған аймақтық нейрохирург кеңес беріп, симптоматикалық емдеуді ұсынды", - деп хабарлады медициналық мекеме.
Хирургия бөлімінде жеңіл және орташа жарақат алған алты бала емделіп жатқаны белгілі болды. Оқыс оқиғадан зардап шекпеген команданың тоғыз мүшесі уақытша аурухананың бөлімшесіне жатқызылған, ата-аналарын күтуде.
"Барлық қажетті медициналық және ұйымдастыру шаралары қабылданды", - деп хабарлады аурухана.
Ауруханада жатқан команда мүшелерінің жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript