Павлодарда өрттен құтқарылған баланың жағдайы белгілі болды
Сурет: Zakon.kz
16 маусымда Павлодарда өрт сөндіруші жеті жасар баланы өртеніп жатқан пәтерден алып шыққан. Бала жабық пәтерде үйде жалғыз болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Облыстық ТЖД хабарлауынша, газ-түтіннен қорғау қызметінің өкілдері пәтердің кіреберіс темір есігін ашқан соң, дәлізде кереует үстінде 2015 жылы туған ұл баланы тапқан. Ол есінен танып қалды.
Аға өрт сөндіруші-құтқарушы Дастан Сүлейменов балаға «Фенист» құтқару құралын кигізіп, оны көтеріп көшеге алып шыққан. Зардап шегуші облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жеті жасар баланың жағдайын айтты.
Баланың жағдайы орташа ауырлықта, нашарлаған жоқ. Соматикалық бөлімде жатыр, толық ем алады. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript