Алматыда мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілді

Сурет: polisia.kz
Алматыда бар болғаны екі күннің ішінде мопед пен скутер жүргізушілеріне қатысты 360-тан астам құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оның ішінде мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз, сақтандыру полисі мен жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару, жол белгілері мен бағдаршам талаптарын елемеу секілді өрескел заң бұзушылықтар бар. Нәтижесінде 200-ден астам көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

"Мопед пен скутер жүргізушілерінің жауапсыз әрекеттеріне жол беруге болмайды. Біз тек профилактикалық жұмыс жүргізіп қана қоймай, заң аясында нақты шаралар қабылдаймыз. Жол қозғалысы ережелері – жай ұсыныс емес, ол баршаға ортақ міндет", - деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасилов.

Қазіргі таңда аудандық полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Арнайы жасақтар күн сайын көшелерді аралап, мектеп маңында және аулаларда рейдтік іс-шаралар жүргізеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді