Алматыдағы Тәтібеков, Полетаев көшелеріндегі жер телімдерін не мақсатта сатып алу жоспарлануда

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы білім басқармасы Медеу ауданындағы №98 мектептің іргесі 1964 жылы қаланғанын, бүгінде ғимарат апаттың жағдайда екенін мәлімдеді. Осы себептен мектепке жаңа ғимарат салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, жобалық қуаты 640 орын болса да, бүгінде мектепте 1190 оқушы білім алып жатыр. Шамадан тыс жүктеме оқушылар мен мұғалімдерге қолайсыздық туғызып, білім беру сапасына кері әсер етуде.

Жүктемені уақытша азайту мақсатында 2025 жылдың қаңтар айында мектепке сол мекенжайда орналасқан бұрынғы музыка мектебінің ғимараты берілгендігі белгілі болды.

Қазір бұл ғимаратта бастауыш сынып оқушылары оқып жатыр – ол 300 орынға арналған.

Мәселенің шешімі 1500 орындық жаңа мектеп ғимаратының салынуы болмақ.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазірдің өзінде Тәтібеков, Полетаев және Бейімбетов көшелеріндегі жер телімдерін мемлекеттік қажетке алу туралы қаулы қабылданды. Жаңа ғимарат қазіргі қауіпсіздік және жайлылық талаптарына толықтай сай болады",- делінген ақпаратта.

Қаланың білім басқармасының мәліметінше, құрылысқа дайындық жұмыстары басталып кеткен. Жаңа оқу ғимараты тек оқушы санының арту мәселесін шешіп қана қоймай, оқушылар мен мұғалімдер үшін заманауи әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қазақстанда білім беру саласындағы бәсекелестікті дамыту бойынша жол картасы бекітілгендігі хабарланған болатын.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды