Министр Мырзабосынов 2026 жылғы Олимпиада ойындарының жүлделеріне үміткерлермен кездесті

Сурет: Telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi
24 сәуірде Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында 2026 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарында жүлде күтуге болатын ұлттық құраманың кейбір өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ербол Мырзабосынов Милан Олимпиадасының жолдамасына үміткер спортшылармен кездесті

Кездесуге конькимен жүгіру өкілі Евгений Кошкин мен ұлттық құрама бас бапкері Александр Панфилов және фристайл-могул спортшысы Анастасия Городко мен бас бапкер Елена Круглыхина қатысты.

Кездесуде Олимпиадаға дайындық барысы, спортшыларға жасалып жатқан жағдай мен алдағы жоспарлар талқыланды. Министр қазіргі кезде ұлттық құрама үшін нақты жұмыс жоспары бекітілгенін атап өтті. Бұл жоспар аясында медальға үміткер спортшылар іріктеліп, оларды жан-жақты қолдау көзделген.

"Бұл тек жаттығу жиындарын өткізу емес. Әр спортшыға жеке бағдарлама жасалады. Қалпына келу, медициналық және психологиялық қолдау, сараптамалық және әдістемелік көмек те қарастырылған", – деді Ербол Мырзабосынов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз