Жамбыл облысының әкімі ветеринарларға 50 қызметтік автокөліктің кілтін табыстады

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Байзақ ауданы Қосақ ауылында өткен шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Су ресурстары және ирригация, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері және республиканың басқа өңірлерінен келген ветеринарлар қатысты.

2025 жылы ветеринария саласын дамытуға 4,6 млрд теңге (2024 жылы – 4,2 млрд. теңге) бөлінді.

Салада 1 055 маман еңбек етеді десек, соңғы екі жылда жұмысшылардың жалақысы 30 пайызға өсті.

Кейінгі 3 жылда 17 биотермиялық шұңқыр салынып, үшеуі жөндеуден өтті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ветеринарлар 160 дана термосөмкемен қамтамасыз етілді. Енді маусымдық қызметтік киім сатып алу көзделіп отыр.

Биыл бірыңғай жаңа типтік үлгідегі 40 ветеринариялық пункттің құрылысын жүргізу жоспарланған, оның 20-сы демеушілер есебінен салынуда.

Жалпы, тозығы жеткен пункт ғимараттарының мәселесі 2025-2026 жылдары аралығында толық шешімін таппақ.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

"Медицина адамды, ветеринария адамзатты емдейді" деген нақыл сөз ешқашан өзектілігін жойған емес. Мемлекет басшысы малдың жұқпалы ауруларына қатысты ахуалды, оның ішінде екпе егу мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Себебі мал шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері мен оның экспорттық әлеуеті ветеринария саласына тікелей байланысты.

Жаңа қызметтік автокөліктер – сапалы қызмет көрсетудің негізі мен кепілі, – деген Ербол Қарашөкеев эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан сала мамандарына алғыс білдірді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты шара барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин құттықтау сөз сөйледі.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бірқатар азамат өңірдің өркендеуіне елеулі үлес қосқаны үшін "Құрмет" ордені, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Еңбек ардагері" және "Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" төсбелгілерімен, сондай-ақ Құрмет грамотасымен салтанатты түрде марапатталды.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды