Қарақалпақ елінде 300 мыңға тарта қандасымыз тұрады

Фото: pixabay
Қарақалпақ елінде жасап жатқан қандастарымыз салт дәстүрді сақтап, кейінгі ұрпақты ұлттық өнермен сусындатып келеді. Қазақтар жиі қоныстанған аудандарда қазір 150 ге тарта қазақ мектебі жұмыс істейді.

Нөкіс қаласындағы екі бірдей жоғарғы оқу орнында осы білім ошақтары үшін мамандар даярланады

Қазақтар көптеп шоғырланған өлкенің бірі Қарақалпақстан. Көршілес өзбек елінің құрамындағы автономды республикада ресми мәліметке жүгінсек, 292 астам қандасымыз өмір сүріп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

"Ел іші – өнер кеніші" дегендей, ән жырға жақын қыз жігіттер мұнда өте көп. Ұлттық бұйымдарды дәріптеп жүрген азаматтар, киіз үй соғушы шеберлер де баршылық. Олар елде өткізіліп жататын түрлі шаралардан шет қалып көрген емес.

Қоӊырат, Мойнақ пен Тақтакөпір аудандарында қандастарымыздың қатары мол. Айтыс өнерін дамыту, жас ақындарды баулып, өнерден ойып тұрып орын алуына ықпал ету басты мақсат дейді олар. Ал басты мәселе, қазақ мектептерініӊ сақталуы, оларды оқулықтармен және мамандармен қамтамасыз ету.

150 ге тарта қазақ мектептері бар, ана тілінде балалар білім алады. Онда 20 мыңға жуық бала қазақ тілінде білім алады. Мемлекеттік университетіміз бар, жыл сайын 30 түлек бітірелі, қаза мектептеріндегі балаларды оқытатын маман даярлайтын мүмкіндік осындай. Асхат Үмбетаев,Қарақалпақстандағы Қазақ Ұлттық мәдени орталығының төрағасы

Қазақтың салтын ұмытпай дәстүрін дәріптеп жүрген шеттегі ағайын беташар, бесікке салу, тұсау кесу сияқты рәсімдерді күнделікті тұрмыста жиі қолданады. Ұлттық бұйымдар мен өзге де жәдігерлер көрмесі тұрақты түрде ұйымдастырылып тұрады.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды