28 сәуірдегі сауда барысында доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 28 сәуірде сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,3 теңгеге төмендеп, 513,68 теңге болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,22 теңгеге дейін өсті (+0,01).

Таңғы саудада юаньның орташа сараланған бағамы 70,45 теңге (-0,29) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 513,1-515,5 теңге, еуро 583-587,5 теңге, рубль 6,05-6,17 теңге аралығында сатылуда.

28 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы шілдедегі фьючерстерінің құны 0,08%-ға арзандап, барреліне $65,75 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 0,03%-ға арзандап, барреліне 63 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 515,03 теңге, еуроны 584,82 теңге, рубльді 6,24 теңге деп белгіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін