Алматыда ҰОС ардагерлеріне 5 миллион теңгеден төленеді

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Алматыдағы Жеңістің 80 жылдығына орай ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне төлем көбейтіледі.

Алматы қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс XXIX сессиясында депутаттар қала әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай ардагерлерге берілетін біржолғы төлем мөлшерін 5 миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы бастамасын қолдады.

Бұл әлеуметтік қолдау шарасы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ғана қатысты (ҰОС қатысушылардың, мүгедектердің).

Сондай-ақ, депутаттар Ерболат Досаевтың тыл еңбеккерлеріне берілетін төлемді 100 мың теңгеге дейін арттыру туралы ұсынысын мақұлдады.

"Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасына сәйкес, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығында біржолғы әлеуметтік көмектің мөлшері арттырылады: 21 ҰОС ардагеріне – 1 миллионнан 5 миллион теңгеге дейін, 6 149 тыл еңбеккеріне – 50 мыңнан 100 мың теңгеге дейін", – деп түсіндірді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауржан Жаубасов.

Шешімді барлық депутаттар бірауыздан қолдады.

Төлемді қаланың аудан әкімдіктері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-ның Алматы қаласы бойынша екінші деңгейдегі банктердегі шоттарына берген тізімдеріне сәйкес өтінішті талап етпей аударады.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда Ұлы Отан соғысының 21 ардагері мен 6149 тыл еңбеккері тұрады.

Алматы
Қазақстан
Ұлы Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі