Франция қазақстандықтарға Балқаш көлінің экожүйесін сақтауға көмектеседі

Фото: Zakon.kz
Қазақстан мен Франция Балқашты сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Су ресурстары және ирригация министрлігі мәліметінше, Алматыда "Балқаш көлі экожүйесін сақтау бойынша мастер-жоспар әзірлеу" тақырыбында екі күндік семинар басталды. Балқаш көлінің бассейні бойынша зерттеу жұмыстары келесі мамандармен бірлесіп жүргізіледі:

"Қазіргі уақытта француз тарапы қажетті мәліметтерді жинау үстінде. Атап айтқанда, BRGM сарапшылары Балқаш бассейніндегі ұңғымаларды, гидробекеттерді және суармалы жерлерді аралап, далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр",- делінген ақпаратта.

Іс-шараға министрлік пен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдар мен Францияның Алматыдағы Бас консулдығының өкілдері, сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар қатысып жатыр.

Бұған дейін Жамбыл облысында "Қызғалдақ мұра" халықаралық фестивалі өтетіндігі хабарланған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі