Түркістан облысында шіркеймен күреске 1,5 млрд теңге бөлінді

Сурет: pixabay
Түркістан облысында шіркей қаптап кетті. Қазір Отырар мен Шардара аудандары мен Арыс қаласындағы елдімекендерде жұрт шіркейге таланып жатырмыз деп дабыл қағуда.

Тіпті облыс орталығы Түркістан қаласын да зиянкес жәндіктер басып қалған. Ал Сырдария өзені мен Көксарай су қоймасына жақын орналасқан ауылдарда тұрғындар сыртқа шығудан қалдық дейді.

Шіркейлер адамдарды шағып, қып-қызыл жара қылып жібереді екен. Олардан қорғану үшін бұқара тұмшаланып, тор бас киімдерді бастарынан тастамайтын болған.

Шіркей адамдарды ғана емес, үй жануарларын да шағып тастайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Зиянкестермен күресуге жылда миллиондаған қаражат бөлінгенімен, нәтиже жоқ.

Осыған қатысты Отырар ауданының тұрғындары мәселені облыс әкімінен шешіп беруді сұрады.

"Енді бұл мәселені айтатын болсақ, тек қана Отырар ауданы емес, бұл облыс көлеміндегі күрделі мәселе. Бұл бағыт бойынша биылғы жылы бюджеттен біз 1,5 млрд теңге қаржы бөлдік. Мердігер анықталған мен ойлаймын мұны да жеңеміз". Нұралхан Көшеров, Түркістан облысының әкімі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды