Қандай жағдайда дәрігерлер 8,5 млн теңге ала алады

Фото: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 29 сәуірде өткен Үкімет отырысында ауылдық емханаларға жас мамандарды тарту жолдары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын іске асыру аясында 467 медициналық нысан салынған.

"Өңірлердегі кадрмен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары тақырыбына жеке тоқталғым келеді. Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген медицина мамандарына "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандыру төлемдерінің пакеті кеңейтілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап ауылдық жерлерге жұмыс істеуге келген тапшы медициналық мамандықтар иелеріне 100 АЕК көлемінде (8,5 млн теңге) бір реттік ақшалай төлем беру қарастырылған", – деді Ақмарал Әлназарова.

Алайда министр бүгінде бұл төлемдер бойынша шешім барлық өңірде қабылданбағанын қоса айтты. 

Бұған дейін Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшірілетіндігі хабарланған болатын. 

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Әлназарова Ақмарал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қызметкер жұмысқа кешіксе жұмыс беруші айыппұл сала ала ма