Қазақстанда жедел жәрдем дәрігерлері 2025 жылдың соңына дейін бейнежетондармен жабдықталады

Фото: akorda.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылғы 29 сәуірде жедел жәрдем дәрігерлерін шабуылдардан қорғау үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер бірқатар өңірлерде жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасау фактілері болғанын атап өтті. Олар дәрігерлерді қорғау мақсатында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын сұрады.

"Қорғауға қатысты біз бейнежетондарды тағуды енгіземіз, олар болып жатқан барлық жағдайды тіркейді. Біз осы норманы тиісті бұйрықпен енгіздік. Ал облыстар мен қала әкімдіктері қаржы бөлуді қамтамасыз етуі тиіс. Менің ойымша, осы жұмыс жылы соңына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады", – деп жауап берді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Ол мұндай шара медициналық қызметкерлер мен жекелеген тәртіп бұзушылардың жауапкершілігін арттырады деп есептейді.

Бұған дейін қандай жағдайда дәрігерлердің 8,5 млн теңге ала алатындығын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді