Атырауда элиталық тұрғын үй кешенінде әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Атырауда 29 сәуір күні 46 жастағы әйелді өлтірді деген күдікпен 37 жастағы ер адам ұсталды. Марқұм өз пәтерінен өлі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 1987 жылы туған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Одан заттай дәлелдемелер тәркіленген.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полиция Zakon.kz тілшісіне.

Көршілерінің айтуынша, ұсталған азамат осы үйде сантехник болып жұмыс істеген. Марқұм жалғыз тұрған.

Еске салайық, бұған дейін Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде әйелді өлтіріп, үйін тонап кеткенін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Каспий теңізіндегі есірткі арнасы: ҰҚК шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарын ұстады

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Алматы тұрғындары біле бермейтін түнгі автобус бағыты