Атыраудағы элиталық тұрғын үй кешенінде әйелді өлтіріп, үйін тонап кеткен
Сурет: Zakon.kz
Атырауда полиция элиталық тұрғын үй кешенінде әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 сәуір күні Атыраудағы "Француз ықшам ауданы" тұрғын үй кешенінен 46 жастағы әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйіті табылды.
Дереккөздердің хабарлауынша, әйелді пышақтаған, одан кейін пәтерінен бағалы заттарды ұрлаған. Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеп жатыр.
Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл қылмысты растады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript