Алматыда элиталы тұрғын үй кешенінде ит-мысықтар жұмбақ жағдайда өліп жатыр
Сурет: pixabay
Алматыдағы элиталы тұрғын үй кешенінде ит-мысықтар шетінен қырыла бастаған. Үй жануарларының өліміне кінәлі ретінде кеміргіштерге қарсы санитарлық тазартуды ескертпестен жүргізген компанияға қатысты күдік келтіріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұрттың айтуынша, кеміргіштерді улау жұмысы өткен аптада элиталы тұрғын үй кешенінде жүргізілген. Алайда компания ел-жұртты бұдан құлаққағыс қылмаған. Үй жануарлары арам қата бастағаннан кейін ғана хабарлама жіберіпті-мыс. Осылайша, айналдырған екі-үш күннің ішінде бес ит пен бір мысық өліпті. Иелері бүгін полиция басқармасының алдына жиналды, деп хабарлайды КТК.
"Қарашаның 3-іне қараған түні үй жануарларымыз өле бастады. Соңғысы өткен сенбіде өлді. Бізде дәрігерлердің иттер "уланды" деген қорытындысы бар. Біздің болжамымызша, тұрғын үй кешенінің аумағында қандайда бір санитарлық тазарту болған. Өйткені өлген жануарлардың ешқайсысы ауладан сыртқа шықпаған", - дейді Кристина Шишкина.
Ал тәртіп сақшылары аталған факт бойынша тергеу жүріп жатқанын жеткізді.
"Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық ПБ ҚР ҚК-нің 316-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Жануарлардың өлу себебін және іс бойынша басқа да мән-жайды анықтау мақсатында кешенді тергеу жүргізілуде". Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript