СҚО-дағы дүлей дауыл: зейнеткердің үстіне ағаш құлап, қайтыс болды

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Солтүстік Қазақстан облысында дүлей дауыл соғып, Булаево қаласының 69 жастағы тұрғыны қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" телеарнасының 29 сәуірдегі мәліметінше, зейнеткердің үстіне зиратта жүрген кезінде ағаш құлаған. Ол ауыр бас-ми жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды.

Аймақтағы желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жеткен. Дауыл электр желілерін үзіп, ағаштарды опырып, көліктерге зақым келтіріп, ғимараттардың шатыр жабындарын жұлып әкеткен. Бұл ретте, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қашықтан оқыту форматы енгізілді.

Қала сыртындағы тас жолдарда жүк көліктерінің аударылу оқиғалары тіркелді. Зақым келген аудандарда табиғи апаттың салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Бұған дейін ШҚО тұрғынының өзенге сұйықтық төккені үшін жауапқа тартылғандығы хабарланған болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Шымбұлаққа апаратын жолдағы шектеулер қашан алынады: мерзімі белгілі болды

2026 жылы жоғары оқу орындарына қабылдау мерзімі мен тәртібі белгілі болды

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

Алматы Орталық мешіті туралы не білеміз