ШҚО тұрғыны өзенге сұйықтық төккені үшін жауапқа тартылды

Оқиға өткен демалыс күндері Өскемен қаласының маңында, Самсоновка ауылының жанында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sozmedia.kz мәліметінше, куәгерлер бірнеше сағат бойы белгісіз адамның өзенге сұйықтық, алдын ала болжам бойынша, пайдаланылған май құйып жатқанын видеоға түсірген.
Полицейлер құқық бұзушыны бейнежазба арқылы анықтады.
"40 жастағы азамат Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабында көзделген заң бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады ШҚО Полиция департаменті.
Бұған дейін Атырауда заңсыз айналымнан 2 келі бекіре уылдырығы тәркіленгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript