Атырауда заңсыз айналымнан 2 келі бекіре уылдырығы тәркіленді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2025 10:26 Фото: Zakon.kz
18 сәуір күні Атырау облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері республикалық "Бекіре-2025" профилактикалық іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдаған әйел адамды анықтады.

Әйел адам қаладағы қонақ үйлердің бірінің маңында ұсталды.

Жеке тінту барысында қолында қара полиэтилен дорбасынан 4 пластикалық ыдысқа салынған бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылып, тәркіленді.

Табылған уылдырықтың жалпы салмағы 2,006 кг құрады. Қазіргі уақытта соттық-биологиялық және тауартанушылық сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: