Атырауда полиция 1,5 келі бекіре уылдырығын тасымалдаған күдіктіні ұстады

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 16:24 Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде заңсыз бекіре тұқымдас балығын тасымалдаған күдіктіні анықтап, ұстады.

Қала аумағында полицейлер күдік тудырған Lada Vesta автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру барысында автокөлік салонынан 1,5 келі бекіре тұқымдас балығының уылдырығы анықталып, тәркіленді.

Күдіктіге қатысты пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялануға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: