Атырау облысында 100 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған жүргізуші анықталды
Сурет: Zakon.kz
Атырау облысының ПД қызметкерлерімен "Бекіре" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында Исатай ауданы, Сарыөзек ауылының тұсында 30 жастағы тұрғынның басқаруындағы Skoda Rapid автокөлігін тексеру кезінде жалпы салмағы 100 келі болатын бекіре тұқымдас балығы тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзге ақпарат ҚПК-тің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript