Астанада екі ер адамнан 270 келіден астам есірткі мен тапанша тәркіленді

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда.

Астана қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады.

Арнайы операция барысында күдіктілерден 270 килограмнан астам "марихуана" мен "гашиш" есірткісі тәркіленді. Олардың автокөліктерін тінту кезінде Макаров тапаншасы табылды.

Алдын ала анықталғандай, тәркіленген қару Тараз қаласы аумағынан қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ қатарына жатады. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Ішкі істер министрлігі азаматтарды есірткі қылмысы мен қаруды заңсыз сақтау фактісі туралы хабарлауға шақырады", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған