Қазақстанда салықтық тексеруге кім және қашан ілігеді

Фото: pexels
Салық органдары қандай тексерулер жүргізе алады. Бұл жайлы 2025 жылғы 5 мамырда Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Салық кодексінің 145-бабына сәйкес салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер;
  2. жоспардан тыс салықтық тексерулер.

Мамандар салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің қызметі бойынша ресми және ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер болып табылатындығын атап өтті.

Уәкілетті органның шешімімен бекітілген жартыжылдық график тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулер тағайындауға негіз болып табылады.

Жоспардан тыс салықтық тексерулерге өтініштер, шағымдар бойынша, таратуға байланысты, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген және т.б. негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.

Сондай-ақ ҚР Салық кодексінің 140-бабына сәйкес, салықтық тексерулер кешенді, тақырыптық, қарсы тексеру, хронометраждық зерттеп-қарау нысанында жүзеге асырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі