Қазақстандық десантшылар салтанатты әскери шеруге дайындалуда

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық десантшылар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруге дайындалуда. Қорғаныс министрлігі осы дайындық барысынан видео үзінділер жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жедел ден қою ұжымдық күштерінің құрамына кіретін және тұрақты жауынгерлік әзірліктегі әскери құрамасы – Десанттық-шабуылдау әскерлерінің Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасының есептобы Жеңіс парадына Қазақстан армиясының атынан қатысады", делінген құзырлы ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Астанада 7 мамырда сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтетінін хабарлағанбыз.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды