Елімізде 7 мамырда ауа райы қандай болады

Сурет: freepik
Синоптиктер 2025 жылдың 7 мамырында елімізде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жүруіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады; батыс, солтүстік-батыс өңірлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түседі деп күтіледі.

Қазақстанның қалған аумағында антициклонға байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша ортақ таьиғи құбылыс - желдің күшеюі. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында тұман болады деп болжанады.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің оңтүстік-батысында, Батыс Қазақстан облысының орталығында, батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының шығысында, батысында, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, батысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, солтүстігінде, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. 

 

Кроме того, на западе, в пустынных районах Туркестанской, на востоке, в центре Кызылординской, на западе Жамбылской областей ожидается чрезвычайная пожарная опасность. 

Сонымен қатар, Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

7 және 9 мамырда Қазақстанның үш мегаполисінде қандай ауа-райы болатынын мына арадан білуге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды