"1000 доллардан береді". АҚШ-тағы Қазақстан елшілігі маңызды мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Америка Құрама Штаттарындағы Қазақстанның елшілігі бүгін, 2025 жылғы 7 мамырда АҚШ-тағы отандастарымызға жүгініп, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елшілік Қазақстан азаматтарынан АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі елде заңсыз жүрген азаматтар үшін өз еркімен қайтуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама қабылдағанына назар аударуды сұрайды.⠀

"Аталған бағдарлама аясында өз еркімен қайтам деушілерге қайту билеті толық төленіп, елге жеткен соң 1000 АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлу қарастырылған". АҚШ-тағы ҚР елшілігі

Ол үшін CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.

"Қамауға алынудан және басқа да қаржылық салдарлардан аулақ болудың ең қауіпсіз, реттелген әрі үнемді жолы" деп бұл бағдарламаға қатысты АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм пікір білдірді.⠀

Елшілік АҚШ-та әртүрлі себептермен мәртебесіз, заңсыз қалып қойған ҚР азаматтарына осы мүмкіндікті мұқият қарастыруға шақырады.

"Сол арқылы заңсыз мигранттарға қолданылатын шаралардың алдын-алуға, мәселені заңды түрде  шешуге және болашақта елге оралу құқығын сақтау үшін маңызды қадам болмақ", - дейді елшіліктегілер.

Айта кетсек, бұған дейін де құзырлы ведомство АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасаған болатын.

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды