Жамбылда шегіртке шектен тыс көбеюі мүмкін

Сурет: pixabay
Биыл Жамбылда шегірткелердің шабуылы шектен тыс артуы мүмкін. Фитосанитарлар бүгінде таралу аумағы 108 мың гектарға жетті, деп дабыл қағып отыр.

Биыл облыстың он ауданындағы жайылымдардан жыбырлаған жәндіктің көбейіп келе жатқанын көруге болады. Әсіресе, үш ауданның ортақ жайылымы Көделі жазығында шегіртке өрттей қаулап келеді. Қанаттылар 3 жыл бұрын жайылымға жақын жатқан Кеңес ауылының шалғынын отап, шабындығын тып-типыл еткен.

Былтыр Байзақ ауданындағы 18 мың гектар жайылымға дәрі себілген. Бірақ соған қарамастан биыл қанаттылар қаптаған аумақ 20 мың гектардан асып отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Аймақта 8 жыл бұрын шегірткелер шектен тыс көбейген еді. Мамандар бұл 10 жылда бір қайталанатын табиғи құбылыс дейді. Бүгінде зиянкестер тараған 108 мың гектар жердің 30%-дан астамы залалсыздандырылған. Өңірде шегірткенің марокколық, азиялық және италиялық прус түрі көп кездеседі.

Жауаптылар шегірткеге қарсы 8 тоннадан аса химиялық препарат сеппек. Ал улы дәрінің төрт-түлік пен өсімдіктерге зияны жоқ дейді. Жалпы бір шегірткенің ұрық қалташасынан 40 данаға дейін дернәсіл шығады. Сондықтан мамандар қанаттанбай жатып дәрілеуді 2 аптада аяқтауға асығып отыр.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі