16 мамырдағы саудада доллар аздап төмендеді

Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 16 мамырда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 509,51 теңге (-1) болды.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,33 теңгеге (-0,01) түсті.

Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,79 теңге (-0,04) болды.

Ақша айырбастау орындарында доллар 509,5-512 теңге, еуро 570,5-574,5 теңге, рубль 6,21-6,33 теңге аралығында сатылуда.

16 мамырдағы саудада мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында шілдедегі Brent фьючерстерінің құны 0,23%-ға арзандап, барреліне $64,38 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының маусым айындағы фьючерстері 0,28%-ға арзандап, барреліне 61,45 долларды құрады.

Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 510,58 теңге, еуроны 571,8 теңге, рубльді 6,34 теңге деп белгіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін