Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады

Сурет: pexels
Синоптикте 19 мамырда Қазақстанда белең алуы ықтимал синоптикалық ахуал мен ауа райының қауіпті құбылыстары бойынша өз болжамдарын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, жел екпін алады деп күтіледі. 

"Еліміздің орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр мен дауыл болады деп болжанады. Тек Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады", делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Маңғыстау облысының батысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстігінде, Қарағанды, Қостанай, Түркістан облыстарының оңтүстігінде, Жамбыл өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, солтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, орталығында, Жетісу облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі.

Қызылорда өңірінде, Түркістан облысының солтүстігінде, жазық дала аймақтарында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Ақтөбе өңірінің оңтүстік-шығысында, ШҚО, Атырау облысының оңтүстігінде,  Алматы облысының солтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Жетісу өңірінің солтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі 

Бұған дейін синоптиктер жексенбіде Алматыда, Шымкентте және еліміздің 18 өңірінде дауылды ескерту жариялаған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды